Инфрақұрылымның дамуы

Астана әуежайында жаңа халықаралық жолаушылар терминалы салынады

Астана әуежайында жаңа халықаралық жолаушылар терминалы салынады. Бұл туралы бүгін мемлекеттік әуежайлар желісін дамыту тақырынба өткен Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Airport Management Group» компаниясы Бас директорының орынбасары Асқар Мұратбаев мәлімдеді.
Астана қаласы29 Қаңтар , 12:24

«Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» Жолдауында әуежайларды дамытуға зор көңіл бөлінген.  Осыған байланысты, 2015-2019 жылдары Астана, Қызылорда, Петропавл, Қостанай әуежайларының инфрақұрылымын дамытып,ұшу-қону алаңдарын, жолаушылар терминалын  жаңғырту бойынша ірі жобалар жүзеге асырылады», - деді ол.

Оның айтуынша, Астана әуежайында  жаңа халықаралық жолаушылар терминалы  қойылатын болады. Ол қауіпсіздік пен жайлылықтың барлық халықаралық талаптарына жауап беретін болады.

Қазіргі кезеңде,  Қазақстанның әуежайлар акцияларының пакеті AMG компаниясына сенімді басқаруға берілген. Басқарушы компания қолына барлығы 11 әуежайды шоғырландыру жоспарланып отыр.

Индира Қауметова 

 




Яндекс.Метрика