Инвестициялар

К.Бадан: Қазақстанның әуежайларына құйылатын инвестиция 160 млрд теңгені құрайды

Қазақстанның әуежайларына құйылатын инвестиция 160 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін мемлекеттік әуежайлар желісін дамыту тақырынба өткен Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Airport Management Group» компаниясының Бас директоры Клод Бадан мәлім етті.
Астана қаласы29 Қаңтар , 12:13

«Қазақстанның әуежайларына құйылатын инвестиция 160 млрд теңгені құрайды. Оның 62 млрды-ы техникалық қажеттілікке жұмсалса, 105 млрд – әуежайларды дамытуға бағытталады. 2030 жылға дейін инвестиция көлемі 22,8 млрд-ты құрайтын болады», - деді Бадан.

AMG бас директоры хабарлағандай, 2014 жылы компания ұшу қауіпсіздігін бағалау бойынша зерттеу жүргізді.

«Жолаушылардың жайлылығын арттыру үшін  болашақта  Астана, Қызылорда, Петропавл, Қостанай әуежайларының инфрақұрылымын дамытып,ұшу-қону алаңдарын, жолаушылар терминалын  жаңғырту бойынша ірі жобалар жүзеге асырылады», - деді ол.

Айта кетерлігі, аталмыш жобаларды жүзеге асыру тұрғындардың әуе көлігіне сұранысын қанағаттандырып, аймақтарды елордамен жалғайды, тұрғындардың қатынасының жеделдігін арттырады, өңірлердегі жұмыссыздықты азайтады. Оның сыртында, әуекомпаниялардың аймақтардағы әуежайлардың бағдарлар желісін дамытып, ішкі және халықаралық рейстерді ұлғайту көзделеді

Индира Қауметова 




Яндекс.Метрика