Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазақстанда жолаушылар тасымалы 10 пайызға артып, 3,7 млн жолаушыны құрады

Қазақстанда жолаушылар тасымалы 10 пайызға артып, 3,7 млн жолаушыны құрады.Бұл туралы бүгін мемлекеттік әуежайлар желісін дамыту тақырынба өткен Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Airport Management Group» компаниясының Бас директоры Клод Бадан мәлім етті.
Астана қаласы29 Қаңтар , 11:59

«2014 жылы осы топтағы 6 әуежайдың қызметінде жолаушылар мен жүк тасымалдауда тұрақтылық байқалды. Жалпы алғанда, 2013 жылмен салыстырғанда жолаушылар тасымалы 10% артып.  3,7 млн. жолаушыға өсті. Ал, жүк тасымалы 2013 жылмен салыстырғанда 4% өсіп,  10 300 тоннаға артығымен орындалды», - деді К.Бадан.

К.Баданның айтуынша, AMG қазақстандық әуежайларды оңтайландыру мақсатында және ғаламдық индустрияландыруға қатысу үшін әуе активтерін басқару сонымен қатар басқа елдердің нарықтарына орта мерзімді болашақта шығуды көздейді. 

2015 жылы ұшу қауіпсіздігінің корпоративтік         стандарттарын жасау мен өндіріске енгізуді аяқтау, әуе қауіпсіздігі мен әлемдік жетекші сала үздіктерінің ноу-хау технологияларын қолданып, 2015-2017 жылдары мемлекеттік әуежайларды ISAGO сертификатын алуын қамтамасыз ету болып табылады. «Қазіргі таңда AMG барлық ішкі ресурстарды пайдалана отырып, әуежайлардың қызметі мен технологиялық жұмыстарын халықаралық стандарттарға жеткізу жұмысын бастап та кетті», - деді К.Бадан.

2014 жылы Астана, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Шымкент, Қызылорда әуежайлары 7 жылдық мерзімге «Airport Management Group» компаниясының сенімді басқаруына берілді. «Біздің негізгі міндетіміз – әуежайларда халықаралық талаптарға сай қауіпсіздік жүйелерін енгізу, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру, әуежайлардың инфрақұрылымын дамыту бойынша ұзақ мерзімді жоспар құру», - деді ол.

Индира Қауметова 




Яндекс.Метрика