Адамзаттық капитал

«Нұр Отан» партиясы 2014 жылы 531 Кеңес Одағының батыры туралы толық мәліметті қалпына келтірді

«Нұр Отан» партиясы 2014 жылы 531 Кеңес Одағының батыры туралы толық мәліметті қалпына келтірді, деді «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ҰОС Жеңісінің 70 жылдығын мерекелуге қатысты өткен жиында.
Астана қаласы29 Қаңтар , 11:51

« «Нұр Отан» партиясының көшбасшысы, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев әрбір ардагер мен тыл еңбеккері қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше ықыласқа ие болуын тапсырған болатын. Бұл ардагерлердің ерлігіне көрсеткен құрметіміз. Ата-бабаларымыздың жігерлілігі мен қайсарлығының арқасында біз гүлденген елде өмір сүрудеміз», - деді Б.Байбек.

Ардагерлермен жұмыс үлкеге құрмет көрсетіп, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу «Нұр Отан» партиясының негізгі бағыттарының бірі.

2014 жылы «Нұр Отан» партиясы ардагерлер кеңесімен бірігіп Кеңес Одағының 531 батыры мен Даңқ ордені ковалерлерінің 124-і туралы ақпаратты жүйелендіріп толық қалпына келтірді.

Осы жылы «Ардагерлерді ардактайык» жобасы аясында ҰОС Жеңісінің 70 жылдығын мерекелеуге бірқатар шараларды өткізу жоспарланған.

«Жоба аясында өткен жылы арнайы топтар ҰОС 5 мың ардагерінің тұрмысына  зерттеу жұмыстары жүргізілді.10 мың проблемалық сұрақ туындады, оның өңірлерге қатысы бар 9 мыңы бүгінгі күні шешілді», - деді ол.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика