Өңірлер

ШҚО-ның әлеуметтік мекемелері сүт өнімдерін өңіріміздегі арнайы сүт зауыттарынан сатып алатын болады – Ахметов

Жұмыс сапарымен Бородулиха ауданында болып, жергілікті шаруа қожалықтардың тыныс-тіршілігімен танысқан облыс әкімі Даниал Ахметов жауапты өкілдерге облыстағы әлеуметтік мекемелерді аудан комбинаттарында өндірілетін сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін жолға қоюды тапсырды.
Шығыс Қазақстан29 Қаңтар , 18:07

 ШҚО Ақпараттық орталығы  хабарлағандай, аймақ басшысы облыс бойынша бүгінгі күні әлеуетті саналатын «Новая заря», «Лазарев және К», «Е. Зәйтенов» шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты. «Новая заря» шаруа қожалығының иесі Ахмет Матаев кездесу барысында Семей қаласында қуаттылығы тәулігіне 50 тоннаға жететін сүт өнімдерін қайтара өңдеу комбинатын тұрғызу жоспарымен бөлісті.

Облыс әкімі сонымен қатар, шетелдік азық-түліктердің орнына отандық өнімдерінің таралуының маңыздылығын атап өтті.

«Біздің облыста қазіргі уақытта білім және денсаулық сақтау салалары жалпы сомасы 1,5 млрд. теңгеге сапасы белгісіз сүт сатып алып отыр. Бұдан былай ондайға жол берілмейді. Ендігі кезекте әлеуметтік мекемелер сүт пен сүт өнімдерін өңіріміздегі арнайы сүт зауыттырынан сатып алатын болады. Бұл екі жаққа да тиімді», – деді Д. Ахметов.

 




Яндекс.Метрика