Инвестициялар

ҚР мен ҚХР 20 бірлескен жобаны жүзеге асыруды жоспарлауда

Астанада Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы өз жұмысын бастады. Шараны инвестициялар және даму министрлігінің инвестиция комитеті мен «KAZNEX INVEST» инвестициялар және экспорт агенттігі ұйымдастырып отыр.
Астана қаласы29 Қаңтар , 11:34

Тараптар Қазақстанда өндірістік саладағы жүзеге асырылу мүмкіндігі бар  жобаларды қарастырды. Форум аясында 5 салалық секция бар: тау-кен – металлургия кешеніндегі ынтымақтасты,энергетика және мұнай өңдеу саласы, машина жасау, құрылыс индустриясы, химия өнеркәсібі, көліктік инфрақұрылым мен логистика және жеңіл өнеркәсіп саласы.

Аталып өткендей, келіссөздерге Қытайдан 150 кәсіпкер және отандық 170 кәсіпкер қатысты.

Сондай-ақ, форум аясында жалпы отырыс өтті, оның аясында Қазақстанның 2015-2019 жылдарға арналған инвестициялық әлеуетінің факторлары таныстырылды.

Қазақстан мен Қытай бірлескен 20 жобаны жүзеге асыруды жоспарлауда. Қазіргі таңда аталмыш жобаларды қаржыландыру қарастырылуда. Геолокация ретінде елдің барлық аймақтары қарастырылуда.




Яндекс.Метрика