Халықаралық интеграция

ҚР ҚМ өкілі Будапешт қаласындағы қару-жарақты бақылау курсының нұсқаушысы болып тағайындалды (Фото)

2015 жылдың 27-31 аралығында Будапешт қаласында қару-жарақты бақылау бойынша курстар өтуде.
Әлемде29 Қаңтар , 16:33

ҚР қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ҚР ҚМ жанындағы қару-жарақ қысқаруын бақылау және инспекциялық қызмет орталығы бөлімінің басшысы Нұржан Смағұлов  курстарға нұсқаушы ретінде шақыртылды. Ол «Вендік құжаттың орындалуындағы Орталық Азия тәжірибесі» тақырыбында дәріс оқиды.

Ведомствода хабарлағандай, Қазақстан – қару-жарақ саласында барлық халықаралық қауіпсіздік  шаралар мен міндеттерді қатаң ұстанатын Орталық Азиядағы бірден-бір мемлекет.

Курстың негізгі мақсаты - инспекция жүргізу кезіне инспекторлар мен бақылаушыларды дайындау, біліктілігін арттыру, келісім шарттар мен келіссөздерді ЕЫҚҰ аясындағы әскери саяси пішінмен орындау.  

Тыңдаушылар ретінде курстарға Венгрия, Канада, Чехия, Бельгия, Ұлыбритания, Франция, Нидерланды, Польша мен Словакия елдерінің  Жоғары Күштері өкілдері қатысты. Нұсқаушы ретінде Қазақстан, Украина, НАТО қару-жарақты бақылаудың үйлестіру бөлімінің өкілдері таңдалды.




Яндекс.Метрика