Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда 2014 жылы ҮИИДМБ бойынша 150 жоба жүзеге асты

Қазақстанда 2014 жылы ҮИИДМБ аясында 12 мың тұрақты жұмыс орнының ашылуымен 150 жоба жүзеге асты.
Казахстан29 Қаңтар , 11:04

Инвестициялар және даму министрлігінің ақпараты бойынша, жобалардың енуі 1,2 трлн теңгеге немесе өндірістік өнімнің 7,6 пайызын құрайтын өнім шығаруға мүмкіндік берді. Индустрияландыру картасына енгізілген жобалар жалпы өндірістік өнімнің 12,4 пайызын құрады. Ол 594,3 млрд теңгеден 4,8 трлн теңгеге дейінгі өнім құны.

Айта кетерлігі, ҮИИДМБ аясында Қазақстанда 5 жылдық уақыт ішінде 75 мың жұмыс орнының шығуымен 770 жоба жүзеге асты. Экспорт көлемі 4 жыл ішінде 133 млрд теңгені құрады. Жалпы Индустрияландыру картасына енген жобалар арқылы Қазақстанда бұрын-соңды өндірілмеген 400 өнім түрі өндірілді.

 




Яндекс.Метрика