Инвестициялар

Қазақстан мен Беларусь бірлескен инвестжобалардың одан әрі даму бағыттарын анықтады

Көкшетауға Беларусь Республикасының өндіріс министрлігінің төрағасы мен БР ірі машина жасау кәсіпорындарының жетекшілері келді.
Ақмола29 Қаңтар , 10:42

Ақмола облысының әкімдігі хабарлағандай, кездесу аясында тараптар «Қазақстан-Беларусь ауыл шаруашлығы және коммуналдық техниканың индустриалды – технологиялық паркі» жобасы аясындағы бірлескен инвестициялық жобалардың жүзеге асуын қарастырды.

Айта кетейік, «Қазақстан Агро-Инновация корпорациясы» ЖШС бірлескен жобасы беларусь әріптестерімен жұмысқа 2012 жылы кіріскен болатын. Ол шығарылатын өнімнің көлемін арттырып, жақын шетелге өнім шығару әлеуетін көбейтеді.

Әкімдікте хабарлағандай, өткен жылдың қыркүйек айында жоба Индустрияландыру картасына енгізілген болатын. Үйлестіру кеңесі инфрақұрылымның тапшы бағыты бойынша жобаларды мақұлдады: су құбырлар жүйесі, электрмен қамту, кәріз және жылу желілерін өткізу. Жобалар «БЖК-2020» аясында 112,7 млн теңгені құрайды.

Көкшетауда «Бобруйскагромаша» жұмыс істегелі бері тұңғыш рет беларусьпен біріккен Қазагробел жобасы жүзеге асырылды. Ол Қазақстан мен Беларусьтің тиімді ынтымақтастығының жемісі.Жобаның басты мақсаты – Қазақстанның ауыл шаруашылық техникасының нарығымен тығыз қарым-қатынас орнату.

Айта кетерлігі, 2014 жылдың мамырында жобаның бірінші кезеңін жүзеге асыру мақсатында «МТЗ-КАИК» ЖШС зауыты құрылды, жоба МТЗ тракторларының өндірісімен айналысады. 




Яндекс.Метрика