Халықаралық интеграция

Ирактағы бітімгершілік коалициялық күштер құрамына 290 қазақстандық қатысты

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің инженерлік әскерлерінде «Иракқа бостандық» операциясы шеңберінде 2003 жылғы 19 тамыздан бастап қолбасшылықтың тапсырмасын орындап, сапер жауынгерлердің абыройын түсірмеген бітімгерші-жауынгерлер қызмет етуде.
Әлемде 29 Қаңтар, 10:27

Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, бітімгершілік миссиясы өткен уақыт ішінде коалициялық күштер құрамында барлығы 290 қазақстандық болды. Ирактағы миссия барысында ҚР Қарулы Күштерінің өкілдері 4 миллионнан астам жарылғыш затты жойып, 6 718 текше метр су тазартты. 2005 жылдан бері тәжірибе алмасу аясында Қазақстан Қарулы Күштерінің нұсқаушылары Ирак әскери академиясының 572 курсантын сапер ісіне үйретті.

 «2003 жылғы 19 тамызда біз Иракқа келіп жеттік. Қазақстандық жасақтың міндеті жергілікті тұрғындардың миналар мен жарылғыш заттардан қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыз суды тазартуға көмектесу және медициналық көмек көрсету болды», - деп әңгімелейді инженерлік-саперлік батальон командирі подполковник С.Мұқанов.

Бұдан бөлек, қазақстандық әскери дәрігерлер америкалық «Дельта» базасына ұдайы тартылып, онда 5000-нан астам жергілікті тұрғын мен коалиция мүшелеріне – негізінен террорлық шабуылдардан зардап шеккен әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсетті.
 





Яндекс.Метрика