Ұлттың денсаулығы

Қызылорда облысының халқына 2014 жылы 2,5 млн медициналық көмек көрсетілді

Қызылорда облысында 2014 жылы халыққа қызмет көрсету саны 3 млнға жуық болса, оның 2,5 млн, яғни 83 пайызы медициналық қызмет болған.
Қызылорда29 Қаңтар , 09:57

Соңғы үш жылда жергілікті бюджеттен денсаулық сақтау саласына бөлінген қаражат мөлшері екі есеге артқан. Мәселен, 2011 жылы осы салаға облыстық бюджеттен 16 млрд теңге бөлінсе, 2014 жылы денсаулық сақтауға 35 млрд теңге берілді.

Жол картасын іске асыруға қосымша облыстық бюджеттен 4,4 млрд теңге бөлініп, емдеу мекемелерінің материалдық техникалық базасы едәуір күшейтілді. Жөнделген және жаңадан салынған денсаулық сақтау объектілерінің саны 66-ға жетті.

«Өткен жылы облыстық бюджет қаражатынан 191 млн теңгеге 74 көлік алынып, барлық медицина ұйымдары санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілген болатын. Ауылдық емдеу ұйымдарының желісін жетілдіру шаралары да іске қосылып, 13 ауылдық аурухана қайта қалпына келтірілді», - деді ол.

Әкімдікте хабарлағандай, жергілікті бюджет есебінен 1150-ге жуық маман біліктілігін жетілдіруге арналған оқудан өтті. Аталған кешенді шаралардың арқасында екі жыл ішінде денсаулық сақтау жүйесін бағалаудың негізгі көрсеткіштері анағұрлым жақсарды. Біріншіден, бала өлімі - 18,7 ден 12,2-ге дейін, яғни 34,7 пайызға азайған. Екіншіден, туберкулез төңірегіндегі жағдай тұрақталып, бұл дертке шалдығу 16,7 пайызға, ал өлім-жітім 36,5 пайызға кеміді. Үшіншіден, қан айналым жүйесінің ауруларына шалдығу 4,2 пайызға, ал өлім-жітім 30,3 пайызға азайған. 

 

             

 




Яндекс.Метрика