Инфрақұрылымның дамуы

ШҚО-да 2 жыл ішінде 71 білім нысаны пайдалануға берілді

Шығыс Қазақстан облысында 2012 мен 2014 жылдар аралығында 71 білім нысаны пайдалануға берілді.
Шығыс Қазақстан29 Қаңтар , 08:33

ШҚО-ның ақпараттық орталығы хабарлағандай, 2 жыл ішінде құрылысқа 25.0 млрд теңге бағытталды, оның ішінде 2014 жылы 11.2 млрд теңгесі бөлінді. Осылайша Шығыс Қазақстан облысында  2012 мен 2014 жылдар аралығында 43 орта мектеп, 9 балабақша мен 8 қосымша нысан бой көтерді және 10 ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.   

Бұдан басқа, ҰБТ қорытындысы бойынша 2014 жылы үлкен жетістікке жетіп, аймақ Республикалық рейтингте  13 орыннан 8 орынға дейін көтерілді. Орташа баллдың өсімі  2013-2014 жылдармен салыстырғанда 5.64 баллды құрап, ол 78,04 көрсетті. Сонымен қатар, облыстың алты мектебі «Республикамыздың 100 мектебі» рейтингісіне ілінді. 




Яндекс.Метрика