Ұлтаралық бірлік

Сенатор И.Адырбеков ҚХА жылын өткізу аясында ЕҰУ студенттеріне дәріс оқыды (Фото)

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын мерекелеуге арналған іс-шаралар барысында Қазақстандағы этникаралық келісім мен бейбітшілікті насихаттау мақсатында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ҚХА кафедрасында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Икрам Адырбеков «Қазақстандық модель этникалық келісім және халықаралық қауымдастық» тақырыбында дәріс оқыды.
Астана қаласы 28 Қаңтар, 16:37

Дәріс барысында И.Адырбеков студенттермен заманауи қоғамдағы этникаралық және дінаралық толеранттылық мәселесін талқылады. Оның ішінде этникаралық және конфессияаралық қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары да бар. Студенттерге халықаралық және отандық сараптаманың салыстырмалы нәтижелері көрсетілді, әлемдік мультимәдениеттіліктің моделі айқындалып, халықаралық қарым-қатынастағы Қазақстанның қауіпсіздік және қорғаныс проблемасын шешудегі рөлі айқындалды.

Икрам Адырбеков қазақстандық мемлекеттік қайраткер, дипломат, экономика ғылымдарының докторы. Әр жылдары Қызылорда облысының әкімі, Қытай Халық Республикасында, Вьетнам Республикасында, Корей елінде  Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымдарында қызмет еткен.

Индира Кауметова

Суретке түсірген Азамат Әлиев 





Дерекнама

Яндекс.Метрика