Адами капитал

Солтүстік Қазақстанда Ленинград қоршауындағылар еске алынды

Петропавлда Ленинград қоршауы алынғанының 71 жылдығына орай 314-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлеріне салтанатты гүл шоқтарын қою шарасы өтті.
Солтүстік Қазақстан28 Қаңтар , 19:06

Әкімдіктің хабарлауынша, 314-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлеріне салтанатты гүл шоқтарын қою шарасының өткізілуі тегін емес. Ол 1941 жылдың шілде-тамыз айларында Петропавлда құрылып, Ленинград қаласын қоршаудан азат етуге қатысқан. Дивизия жауынгерлері аталмыш ұрыста ерлік көрсетті.  

«Ұлы Отан соғысындағы қоршаудан азат етушілерді еске алуға Ленинград қоршауы қатысушылары мен қала тұрғындары, облыстық және қала мәслихаты депутаттары, ҚР ІІМ Ішкі әскер Әскери институты офицерлері пен Петропавл қаласы қорғаныс істері департаменті қызметкерлері қатысты», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 1944 жылдың 27 қаңтарында Ленинград қоршауы 872 күнге созылған. Осы уақытн аралығында бір жарым миллион адам жер жастанды.

Аталмыш ұрысқа барлық Кеңес мемлекеттерінің өкілдері ат салысып, Петропавл да өз әскерін жіберген.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда облыс орталығында Ұлы Отан соғысының 162 ардагері мен Ленинград қоршауының 11 сарбазы өмір сүруде.

 




Яндекс.Метрика