Евразиялық одақ

ҚР мемлекеттік органдары ЕАЭО Кедендік кодексі туралы келісімге кәсіпкерлік мәселесі бойынша өзгерістер енгізуді қолдады

ҚР мемлекеттік органдары Кедендік одақ пен Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы барысында Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Кедендік кодексі туралы келісіміне кәсіпкерлік мәселесі бойынша өзгерістер енгізуді қолдады, деп хабарлады ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
Астана қаласы28 Қаңтар , 18:51

Жұмыс тобының отырысы Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО)  Кедендік кодексі туралы келісімі жобасын  мемлекетішілік келісу (МІК) аясында өтті.

ЕАЭО  Кедендік кодексі туралы келісіміне өзгертулер енгізу жобасында мемлекеттік органдар бизнес үшін аса маңызды түзетулерді қолдады.

Мәселен, декларантты керісінше бірден жауапқа тартпай,  тауарды шығарғаннан кейін кедендік немесе кеден ісі саласындағы заңнаманы бұзу қателіктерін өз бетінше анықтап, жөнге келтіру мүмкіндігі. 

Сондай-ақ, камералды кедендік тексерістен кейін анықталған шикіліктерді өз бетінше он жұмыс күні ішінде ретке келтіру мүмкіндігі де қарастырылған.

 




Яндекс.Метрика