Өңірлер

Семейде мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер таратылды

Семейде тұрғын үй комиссиясы шешімі негізінде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша салынған үйлердің пәтерлері тиісті адамдарға тағайындалды.
Шығыс Қазақстан28 Қаңтар , 18:36

Қала әкімдігінің хабарлауынша, қазіргі таңда Семей қаласының Энергетик шағын ауданында тұрғын үй комиссиясы 216 пәтер иелерін тағайындады. Солардың арасында 89 пәтер жетім балаларға, 6 пәтер Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, 57 пәтер бюджеттік ұйым қызметкерлеріне, 55 пәтер әлеуметтік әлсіз халық өкілдеріне, 9 пәтер жалпы кезектегі азаматтарға берілмек. Семей қаласының Әділет басқармасынан тіркеуден өткен пәтерлердің келісімшарты құрылды.

Сонымен қатар, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісінің екінші бағыты («Барлық санаттағы азаматтар үшін») бойынша 56 пәтер тағайындалды. Соның ішінде 37 пәтер ипотекалық несиемен рәсімделсе, 3 пәтер сатылған, 16-сы жалға берілетін пәтерлер.  

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының «Жас отбасы» бағыты бойынша 95 үміткерді іріктеу шаралары өтті. Қазіргі таңда аталған шағын ауданның үйінен 72 отбасымен пәтер келісімшарты жасалды.

Әкімдіктің хабарлауынша, 2015 жылдың 1 қаңтарында мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін есепте тұрғандар саны 6 231 отбасы болса, соның ішінде 2 282-сі әлеуметтік әлсіз халық санатына, 1 117-сі жетім және ата-ана қарауынсыз қалған балаларға, 2 542-сі бюджеттік қызметкерлерге тиесілі.




Яндекс.Метрика