Өңірлер

«Бәйтерек» холдингі орта бизнес кәсіпорындарына қолдау көрсету бойынша жаңа бағдарламаның басталғанын жариялады

Қызылорда облысында аймақ басшысы Ғалым Амреевтің қатысуымен кәсіпкерлердің, «Бәйтерек» Холдингі стратегия және басым жобалар департаментінің жетекшісі Ермек Қазымовтың, мемлекеттік органдар мен «Даму» қоры өкілдерінің кездесуі өтті.
Қызылорда28 Қаңтар , 18:21

Ермек Қазым кәсіпкерлерге қаржы көрсеткіштері тұрақты және жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар немесе әлеуетті экспортерлар қатыса алатын Орта бизнес кәсіпорындарына қолдау көрсету бағдарламасын таныстырды.

«Даму» қорының хабарлауынша, экономика секторларының ішінде машина құрылысына басымдылық берілетін болады. Кездесуге дәл осы салада жұмыс істеп жатқан  40-қа жуық кәсіпорын қатысты. Аталмыш жобаға қатысуға аймақтың бірнеше кәсіпорындары қызығушылық танытты.

Ақпарат бойынша, бағдарлама «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымдары - Қазақстанның Даму банкі, Қазына Капитал Менеджмент, Техникалық даму бойынша ұлттық агенттік, Қазэкспортгарант арқылы жүзеге асырылады. Осылайша бағдарлама кәсіпорындарда кешенді қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Айта кетерлік жайт, бағдарламаны жүзеге асыру арқылы аймақтық және әлемдік нарықта бәсекелесе алатын компанияларды құру, шикізаттық емес экспортты арттыру, импортты төмендету көзделуде. Бұдан басқа, жоғары технологиялы және энерготиімді өндірістерді дамыту да жоспарлануда.




Яндекс.Метрика