Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Ақпараттық технологиялардың енгізілуі сот отырыстарын қашықтықта өткізуге жол ашты – Испанов

Қазақстандағы сот өндірісіне заманауи дыбыс-бейнежазу жүйесін енгізу аясында сот отырыстарын қашықтықтан өткізуге жол ашылып отыр, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Жоғарғы сотының жанындағы қазылар қызметін қамтамасыз ету департаментінің жетекшісі Ілияс Испанов.
Нұр-Сұлтан28 Қаңтар , 15:18

«Сот ісі қатысушыларына сотқа тасымалдамай-ақ бейнеконференция арқылы денсаулық сақтау ұйымдарында емделіп жатқан айыпталушы тұлғамен сот отырысын өткізу мүмкіндігі ұсынылады», - дейді ол.

Спикердің сөзінше, қазіргі таңда еліміздегі 550 сот залы заманауи дыбыс-бейне жазу жүйесімен жарақтандырылса, 176-сы бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша жаңартылған.

Осынау заманауи жүйемен залдардың қаматамасыз етілуі республика бойынша 55 пайыз деңгейінде. Ал Астана мен Аламатыда бұл көрсеткіш 100 пайыз.




Яндекс.Метрика