Адамзаттық капитал

Ақтөбе облысында 66 нысан мүгедектерге бейімдетілді – ішкі саясат басқармасы

2014 жылы Ақтөбе облысында 66 нысанды мүмкіндігі шектеулі адамдарға ыңғайлы ету үшін 44,7 млн теңге жұмсалды, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе28 Қаңтар , 17:52

Хабарламада айтылғандай, өңірде мүгедек және жалғыз басты қарттармен жұмыс жүргізілуде. «2015 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, облыста арнайы мемелкеттік жәрдемақы алатын 19 656 адам тіркелсе, солардың арасында 2 315-і 16 жасқа дейінгі балалар», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 6 219 мүгедек жекелеген бейімдеу бағдарламаларымен мүгедектер арбасымен, сурдотифлотехникамен, протездеумен, емдеу-демалыс орындарымен, гигиеналық бұйымдармен және өзге де қызметтермен қамтамасыз етілді. Осы мақсатта жұмсалған қаражат көлемі 261,4 млн теңге.

Облыста әлеуметтік аз қамсыздандырылған 77 отбасындағы 322 азаматқа 8 178,2 мың теңге көлемінде мемлекеттік арнайы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, облыстың 3 637 отбасына арналған тұрғын үй көмегінің алпы көлемі 55,5  млн теңгені құрады. «18 жасқа дейінгі17816 балаға  280,4 млн теңге жәрдемақы тағайындалды», - делінген хабарламада.




Дерекнама

Яндекс.Метрика