Үкімет

ҚР Президенті мен Адизес Институтының бас директоры мемлекет пен бизнес қарым-қатынасының өзекті мәселесін талқылады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Адизес Институтының бас директоры Ицхак Адизеспен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы28 Қаңтар , 14:41

Кездесу барысында институттың Қазақстандағы ірі компаниялармен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы басқарудың озық қағидаттарын енгізудің, отандық компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру үшін тиянақты стратегиялық жоспарлаудың маңызды екенін атап айтты.

И.Адизес мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі аспектілеріне қатысты пікірлерін білдірді. Бұл орайда ол Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін күшейту үшін негізгі құрылым болып саналатын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның трансформациялау бағдарламасын әрі қарай жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.  




Яндекс.Метрика