ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімшелерінде Жеңістің 70 жылдығына орай ҰОС ардагерлерінің фотогалереясы жасақталады. Онда ҚР ҚК аймақтық бөлімшелерінде жұмыс істейтін әскери қызметкерлермен олардың ҰОС қатысқан туыс-ардагерлерінің суреттері қойылады, деп Қорғаныс министрлігінен хабарлады.
«Онда майданда қаза тапқандардың немесе соғыс жылдарынан кейін қаза тапқандар мен әлі күнге дейін өмір сүріп келетін ардагерлердің суреттері болуы мүмкін. Ардагерлердің суреттері 1930 жылдан бері жасалған ақ-қара немесе түрлі түсті болуы ғажап емес», - делінген хабарламада.
Аталып өткендей, суреттер қойылған баннерде ардагерлер мен бүгінгі әскери қызметкерлердің суреттерінен мозайка жасалады. Әр суреттің астында ардагердің немесе әскери қызметкердің есімі жазылады.
Баннер дайын болғаннан кейін Астанада Отан қорғаушылар алаңында гүл қою рәсімінде салтанатты түрде беріледі.