Өңірлер

2014 жылы АШҚҚҚ қызметін 200-ге жуық клиент пайдаланды

2014 жылы жылы "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ 195 клиенті ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қолдау құралдарын пайдаланды.
Казахстан28 Қаңтар , 19:38

ҚазАгро хабарлағандай, Қазақстан Республикасында 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша "Агробизнес - 2020" бағдарламасының аясында елімізде АӨК субъектілерін қолдауға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі Қаулысымен Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы үстемелерін субсидиялау Ережелері бекітілген болатын. Қазақстандық шаруашылықтар мен агроқұрылымдарды қолдау шаралары түрлі себептермен  өз несиелері бойынша қарызын өте алмайтын ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қолдауға бағытталды. 

Қаржылық сауықтыру бойынша операторының міндетін "ҚазАгро" Холдингінің еншілес компаниясы - "Қазагромаркетинг" АҚ атқарады. Қарыз алушылардың кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы үстемелерін субсидиялау теңгемен - жылдық 7%, шетелдік валютамен - 5% төмендетіледі. Осымен, қаржылық сауықтыру процедурасынан өткен қарыз алушы  сыйақы үстемесінің тек қалған бөлігін ғана төлейді.   

Сондай-ақ, қаржылық сауықтырудың шеңберінде несиелерді қайтару мерзімі 9 жылға дейін ұзартылып, айыппұл мен өсімақы (пеня) алынып тастайды. 

Өткен жылы қаржылық сауықтыру бойынша операторы "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ клиенттерінің жалпы сомасы 317,1 млн. теңгеге 105 келісім-шартын мақұлдады. Субсидиялау сомасы 44,9 млн. теңге құрады. 

 




Яндекс.Метрика