Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Қазақстанда мамандандырылған инвестициялық сот ашу жоспарлануда

Қазақстанда мамандандырылған инвестициялық сотты ашу жоспарлануда , деп мәлімдеді Жоғарғы соттың судьясы Нұржан Қайыпжан ОКҚ-да өткен брифингінде.
Астана қаласы28 Қаңтар , 13:58

«Жоғарғы сот инвесторлардың қатысы бар сот дауларын шешудің арнайы тәртібін жасақтауды ұсынды. Бүгінде мамандандырылған инвестициялық сотты және ҚР ЖҚ мамандандырылған соттық коллегиясын құру бойынша  нұсқалар қарастырылуда», - деп мәлімдеді  Н.Қайыпжан.

Айта кетерлік жайт, соңғы 6 жылда шетелдік инвесторларды қоса алғанда жалпы сомасы 240 млрд теңгеден асатын заңды тұлғалардың құқығы соттық актілермен қорғалды. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, мемлекеттік органдардың мүддесі үшін 40 млрд теңгеге жуық қаражат қайтарылып алынды.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика