Адами капитал

Қазақстанның соттары инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын 240 млрд теңгеге қорғап қалды

Соңғы 6 жылы ішінде Қазақстанның соттарында 240 млрд теңгеге заңды тұлғалар мен шетелдік инвесторлардың құқықтары қорғалды, деп хабарлады Жоғарғы соттың судьясы Нұржан Қайыпжан.
Астана қаласы28 Қаңтар , 13:32

«Өткен жылы Жоғарғы сотта кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы азаматтық іс бойынша  арнайы сараптама жұмысы жасалған болатын. Соңғы 6 жыл ішінде сот актілері 240 млрд теңгеге тиесілі шетелдік инвесторлар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаған. Мемлекеттік органдардың үлесіне тек 40 млрд теңге саналды», - деді Н.Қайыпжан.

Оның айтуынша, 2014 жылы бірінші инстанциядағы соттар мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар өтінішінің 41 пайызын ғана қанағаттандырды.

Ол атап өткендей, сотта салық және кедендік органдардың тапсырған даулы мәселелерінің  үштен бірі заңсыз болып шешілді. «Бұл шет елдермен салыстырғанда жоғары көрсеткіш», - деді ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика