Басқару

Қазақстанда 2016 жылы жаңа Азаматтық іс-жүргізу кодексін енгізу болжанып отыр

Жаңа Азаматтық іс-жүргізу кодексін енгізу 2016 жылға жоспарланған, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде Жоғарғы соттың судьясы Нұржан Қайыпжан.
Астана қаласы28 Қаңтар , 13:25

«ҚР Президенті жүктеген тапсырмаларды жүзеге асыру үшін судьялардың 6-шы съезінде сот Азаматтық іс-жүргізу кодексін әзірлеген болатын. АІЖ жобасын әзірлеу үшін мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың ішінде қызығушылық танытатын тұлғалардан жұмыс тобы құрылған болатын», - деді судья.

Н.Қайыпжанның айтуынша, қазіргі таңда аталмыш заң жобасы дайындалып Мәжіліске тапсырылды. «Заң жобасы Парламентте осы жылдың жарты жылында қаралып, келер жылы күшке енуі тиіс», - деді ол.

Айта кетерлігі, жаңа жоба күрделі емес категориялардың бұйрық өндірісі саласының кеңеюін қарастырады.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика