Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

2015 жылдан бастап Қазақстан соттары жаңа қылмыстық-іс-жүргізу және қылмыстық атқару кодекстерін қолдана бастады

2015 жылдан бастап Қазақстан соттары жаңа қылмыстық-іс-жүргізу және қылмыстық атқару кодекстерін қолдана бастады, деп мәлімдеді Жоғарғы соттың судьясы Моряк Шегенов ОКҚ-да өткен брифингінде.
Астана қаласы28 Қаңтар , 12:57

«Болжам бойынша жаңа норма халық талап етіп отырған жетістікке жетуге оң әсер етеді. Бүгінде сот корпусы тарапынан барлық дайындық шаралары жүзеге асырылды. Соттар жаңа заң бойынша жұмыс істеуге әзір», - деп сендірді судья.

М. Шегенов атап өткендей, Жоғарғы сот 23 қаңтарда барлық мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен өткен кеңейтілген отырыста  жемқорлықпен күресте тиімді әсер ететін негізгі 8 бағытты атап көрсетті. «Жемқорлық тәуекелін барынша төмендету, сот жүйесіне деген сенімділікті арттыру бойынша шараларды қамту, сот пен судьялардың қызметінде жемқорлық факторларын жою, жемқорлыққа қарсы мәдениетті құру», - деп жалғастырды ол.

Шегеновтың айтуынша, ағымдағы жылдан бастап жемқорлыққа байланысты істерді тергеу күшейтіледі.

«Біз жемқорлыққа қатысты қылмыстық істерді тергеу бойынша сот тәжірибесін жақсарту шараларын белгілеп алдық, оның ішінде одан ары заңнаманы жетілдіру мәселесі де бар», - деп түйді судья.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика