Адами капитал

Қазақстан қазылары 2014 жылы келіп түскен қылмыстың істің 93 пайызына үкім шығарды

Қазақстан қазылары 2014 жылы келіп түскен қылмыстың істің 93 пайызына үкім шығарды, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде Жоғарғы сот қазысы Моряк Шегенов.
Астана қаласы28 Қаңтар , 12:25

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша, 2014 жылы 43 878 қылмыстық істің 93,3 пайызына нүкте қойылды», - дейді қазы.

Сонымен қатар М. Шегеновтың айтуынша, өткен жылы сотқа жүгінгендер саны еліміздің ОҚО, БҚО, Астана мен Алматы өңірлерінде айтарлықтай азайған.

Қазының сөзіне сүйенсек, 20 573 іске үкім шықса, соның ішінде басым бөлігі ұрлыққа қатысты болып шықты. Одан кейнгі орында тонау, алаяқтық және заңсыз есірткі айналымына қатысты істер.

Айта кету керек, Жоғарғы соттың мәліметінше, өткен жылы аудандық және соған теңестірілген соттарға республика бойынша 1 221 011 арыз бен іс түссе, соның ішінде 761 533-і азаматтық, 415 600-і әкімшілік, қалған 43 878-і қылмыстық істер.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика