Адамзаттық капитал

ҚР-да азаматтардың қазылар жұмысына шағымы азайды – Шегенов

2014 жылы азаматтардың қазылар жұмысына шағымы 5 пайызға азайды, деп мәлімдеді Жоғарғы сот судьясы Моряк Шегенов ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы28 Қаңтар , 12:23

«Жоғарғы және жергілікті соттардың атқарып жатқан жүйелі және жоспарлы жұмыстары 2014 жылы азаматтардың қазылар жұмысына деген шағымын 253-ке азайтып, 5 пайызға төмендетті», - дейді М. Шегенов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, 2014 жылдың 17 қарашасында Н.Ә.Назарбаев «Бюрократиялық процедураларды азайту, сотқа істі жіберуді қарапайымдату мәселесі бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғанын еске салды.  

«Президенттің сапалы сот корпусын құру тапсырмасын іске асыру мақсатында 2014 жылы Жоғарғы сот сапалы мамандарды іріктеу мен оларды жұмысқа тартуға бағытталған ведомстволық-кадрлық саясатының тұжырымдамалық негізін дайындап, құзіретті кадрлық жоспарлау шарттарын құрды», - дейді.

Айта кету керек, Заң арқылы сот процестерінің қатысушыларына арналған сот істерін қарау жеделдігі мен ыңғайлылығын арттыруға бағытталған нормалар қарастырылған.

Индира Қауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика