Адами капитал

Қазақстанда кәмелеттік жасқа толмағандардың сотталуы 36%-ға азайды

Қазақстанда кәмелеттік жасқа толмағандардың сотталуы 36%-ға азайды, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде Жоғарғы сот қазысы Моряк Шегенов.
Астана қаласы28 Қаңтар , 11:38

«Қазақстанда кәмелеттік жасқа толмағандардың сотталуы 36%-ға азайды. Бұл қуанышты хабар. Ал жалпы темір тордың ар жағына тоғытылғандар саны екі есе төмендеді», - дейді М.Шегенов.

Оның айтуынша, Қазақстанда сотталушылар саны азайғанымен қоса ақталып шыққандар саны да ұлғайып отыр. 2014 жылы 25 079-ы сотталса, соның 458-і ақталып шыққан. Ал жалпы сотталғандардың тек 38,6% ғана бас бостандығынан айырылған.

Жалпы, Шегеновтің пікірінше,  республика бойынша сот жұмысына оң баға беруге болады.

«Сот жұмысы айтарлықтай жақсарды. Оған дәлел өткен жылғымен салыстырғандағы абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер дәлел», - дейді қазы.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика