Білім беру

Қазақстанда 2014/2015 оқу жылдары ЖОО-ға 125 мың студент түсті

Қазақстан Республикасында 2014/2015 оқу жылының басына 126 жоғары оқу орны жұмыс істейді, ондағы студенттердің жалпы саны 477 387 адамды құрайды.
Казахстан28 Қаңтар , 19:23

Меншік түріне қарай ЖОО-ның жалпы санынан 49-ы мемлекеттік болып табылады, оларда  232 072 адам немесе жалпы студенттер санынан 48,6% оқиды. Оқитындардың жалпы санынан қыздардың үлесі 57,2%-ды, жігіттердің үлесі 42,8%-ды құрайды.

Статистика комитетінің хабарлауынша, мемлекеттік білім гранттарының есебінен 129 335 адам білім алуда, бұл студенттердің жалпы санынан 27,1%-ды құрайды, мемлекеттік білім тапсырысының есебінен 12 536  адам немесе 2,6%, ақылы негізде – 335 516 адам немесе 70,3% білім алады.

Студенттердің жалпы санынан 360 536 адам (75,5%) оқытудың күндізгі түрі бойынша оқиды, 95 956 (20,1%) - сырттай, 20 895 адам (4,4%) - кешкі түрі бойынша оқиды.

 Мемлекеттік тілде оқитын студенттердің үлесі 60,4%-ды, орыс тілінде 37,0%-ды және ағылшын тілінде 2,5%-ды құрады.

Республиканың ЖОО-да 85-тен астам ұлт өкілдері оқиды. Олардың ішінде қазақтардың үлес салмағы 83,4%, орыстардың – 9,8%, татарлардың, украиндар, өзбектер шамамен 0,6-1,9% бойынша, өзге ұлттар – 3,6% құрады.

 2014/2015 оқу жылында оқытуға және дайындауға 125 362 студент қабылданды, бұл алдыңғы оқу жылына қарағанда 6 029 адамға көп. Есептік оқу жылында 177 678 білікті маман шығару жопарлануда, бұл 2013/2014 оқу жылымен (172 810 адам) салыстырғанда 2,7%-ға артық.   Бакалаврлардың саны 440 128 адамды, жоғары арнайы білім алып жатқандардың саны 34 713 адамды құрайды.

Штаттағы профессорлық-оқытушылық құрамның саны 40 320  адамды құрайды. Соның ішінде қоса атқарушылық қызмет бойынша 6 050 оқытушы жұмыс істейді. Жалпы қызметкерлердің 9,6% – ғылым докторы, 37,1% – ғылым кандидаты, ғылыми дәрежесі профессор 6,3% – және 16,7 – доцент атағы бар. Философия докторы (PhD) оқытушылардың саны - 888 адам,  магистр академиялық дәрежесі бар - 9 592 және 102 - бейін бойынша  доктор.

ЖОО барлық ғимараттарының жалпы алаңы 5 182,1  мың шаршы метрді, оқу-зертханалық ғимараттарының жалпы алаңы - 2 646,7 мың шаршы метрді құрайды.

 




Яндекс.Метрика