Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Қарағандыда ИИДМБ аясында құрылыс крандарын жасайтын кәсіпорын ашылады

Қарағандыда «Оптима-кран Қазақстан» ЖШС құрылыс крандарын жасайтын кәсіпорын өңірлік Индусриаландыру картасына енген.
Қарағанды28 Қаңтар , 16:51

Аймақтың әкімдігі хабарлағандай, аталмыш кәсіпорынның құны 390 млн теңгені құрап, 150 жұмыс орнын ашқан бұл кәсіпорын қазақстандық нарыққа құрылыс крандарның бірнеше түрлерін шығарып, сервистік қызмет көрсетеді.

Қазір кәсіпорын қайта құрылу үстінде. Бұл құрылыс жұмыстарына кәсіпорынның өзінен шыққан крандар септігін тигізуде. 

Алдағы уақытта, қайта құру жұмыстары аяқталған соң мұнда жүк көтергіш (тельфер) құрылғылар шығаратын болады. Ал бұған дейін жүк көтергіштерді еліміз шет елден сатып алатын еді.

 

 




Яндекс.Метрика