Парламент

Мәжіліс ТМД мен КО елдері саудасындағы техникалық кедергілерді жою туралы келісім ратификациясын мақұлдады

ҚР Парламентінің Мәжілісі «Кедендік одаққа кірмейтін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен өзара саудадағы техникалық кедергілерді алып тастау туралы Кедендік одақ елдерінің Келісімін ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын мақұлдады.
Астана қаласы 28 Қаңтар, 10:43

«Келісім Кедендік одаққа кірмейтін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында өзара саудадағы техникалық кедергілерді алып тастауға, ТМД елдерінің өнімдерін Кедендік одақтың бірыңғай кедендік аумағына кіргізу жолын жеңілдетуге, өзара сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған», - делінген халықаралық істер, қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің қорытындысында.

Құжатқа сай, келісім арқылы Кедендік одаққа кірмейтін ТМД елдерінің Кедендік одақтың техникалық регламенттеріне қосылу тәртібі мен шарты белгіленеді.

Онда Кедендік одаққа кірмейтін ТМД-ның кез келген мемлекеті Еуразиялық экономикалық комиссияға алғаш рет белгілі бір өнім түрлеріне қатысты өзара саудада техникалық кедергілерді алып тастауға өтінім береді.

«Комиссия осы өтінім негізінде өтінімде көрсетілген өнім түрлеріне таратылатын Кедендік одақтың техникалық регламенттері тізімін бекітіп, сонымен қатар көрсетілген техникалық регламенттерді қолдануға қажетті Комиссия шешімі тізімін бекітіп, оны аталған мемлекеттерге жібереді», - делінген хабарламада.

Камила Амирова





Яндекс.Метрика