Қазақ хандығына 550 жыл

Таразда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған кітаптың тұсауы кесілді

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-да Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Кәрібаев Берекет Бақытжанұлының «Қазақ хандығының құрылу тарихы» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Оңтүстік Қазақстан28 Қаңтар , 15:34

Білім және ғылым министрлігінде хабарлағандай, Берекет Бақытжанұлының қазақ хандығын ғылыми тұрғыдан зерттеп келе жатқан мерзімі 22 жылға жуықтапты. Алғашқы ғылыми мақалалары Қазақ хандығы жайында жарық көріп, содан бері бірнеше ғылыми еңбектер, авторлық кітаптар, диссертация жазған.

 «Ең алдымен Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау, қазақ жастарының бойына идеологиялық сана қалыптастыруда маңызды рөл атқарып отыр.  Бұл кітап әрбір қазақтың төрінде тұру керек деп есептеймін», – дейді Берекет Бақытжанұлы.

Кітап 7 бөлімнен тұрады. Монографияда Қазақ хандығы құрылуының теориялық-әдістемелік мәселелері, хандықтың құрылуының зерттелуі, оның деректері, этникалық және саяси алғышарттары, хандықтың құрылу барысы мен кезеңдері, «қазақ» этнонимі, сондай-ақ хандықтың құрылуының тарихи маңызы сияқты мәселелер қарастырылған.

Монография жоғары оқу орындары студенттеріне, магистрлар мен докторанттарға және жалпы қазақ елінің тарихына қызығушылықпен қарайтын қалың оқырманға арналған. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика