Парламент

Мәжіліс Қазақстан мен Македония арасында екіжақты салық салудың алдын алу туралы келісімді ратификациялады

ҚР Парламентінің Мәжілісі Қазақстан Республикасы мен Македония Республикасы арасындағы екіжақты салық салуды және табысқа қатысты салықты төлеуден қашуды алдын алу туралы келісімді ратификациялады.
Астана қаласы28 Қаңтар , 10:19

«Келісімнің мақсаты өзара инвестиция үшін қолайлы жағдай жасау арқылы Қазақстан Республикасы мен Македоноия Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту. Сондай-ақ, келісім екі ел резиденттерінің екі жаққа бірдей салық төлеуден және мүлдем салық төлеуден жалтаруын алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол, тауар айналымы мен екі ел арасындағы инвестицияның артуына ықпал етеді»,- делінген халықаралық істер, қорғаныс пен қауіпсіздік комитетінің қорытындысында.

Айта кетерлік жайт, Келісімде табыс көзі болып отырған мемлекет өте төмен пайыздық үстемақымен девиденттерге, пайыздарға және роялтиге салық сала алады.

Келісімнің 5 бабына сәйкес келісіп отырған мемлекеттің заңды тұлғасы егер ол кәсіпкерлік қызметті тұрақты мекеменің білімісіз атқарып келсе келесі келісіп отырған мемлекетте салық төлеуден босатылуы мүмкін.

«Егер келісімдегі мемлекеттердің бірі осы құжаттың ережесіне сай келісімдегі екінші бір мемлекеттің салығы салынатын табыс табатын болса, онда бірінші айтылған мемлекет екінші мемлекетте төленген табыс салығына тең келетін соманы резиденттің табыс салығынан шегеруге рұқсат етеді», - деп түсіндірілген қорытындыда.

Камила Амирова




Дерекнама

Яндекс.Метрика