Өңірлер

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша ҚР-да 2014 жылы 10 мыңнан аса ІҚМ сатып алынды

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Сыбаға» бағдарламасы бойынша аналық бас ірі қара мал сатып алу жөніндегі жоспарлы мөлшерді орындады. 2014 жылы 50 мың бас ІҚМ сатып алу жоспарланғанымен, ауыл шаруашылғы тауар өндірушілері өткен жылы Корпорация қаржысына 53 мың 800 бастан аса ІҚМ иемденді.
Казахстан28 Қаңтар , 15:03

Бүгінгі таңда аталған бағдарлама Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Батыс-Қазақстан және Қостанай облыстарында белсенді түрде жүзеге асуда.

Өткен жылы несие серіктестіктерінің қатысушыларына 2 млрд. теңгеден аса қаржы бөлініп, оған 10 мыңнан аса ІҚМ сатып алынды.  

Корпорация «Сыбаға» бағдарламасы басталғаннан бері 27,8 млрд. теңгеден аса қаржыға 1972 жобаны қаржыландырып, оған 147 мыңнан аса ірі қара мал сатып алуға қол жеткізілді.

Айта кетейік, «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыру 2011 жылғы ақпан айында ірі қара мал етінің экпорттық әлеуетін дамытуға бағытталған мемлекеттік жоба аясында  қолға алынды. Бұл бағдарлама бойынша қаржы аналық бас ІҚМ және етті тұқымды жас төлу алу үшін  асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алуға, негізгі құралдарды жөндеу мен сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға беріледі.

Бағдарламаның негізгі мақсаты, етті тұқымды мал басын асылдандыру арқылы ет бағасын төмендету, ет өндіру саласын тұрақты дамытуды қамтамасыз ету үшін тұрғындардың жеке меншігіндегі ірі қара малды сатып алу арқылы мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтарды ірілендіру. Бұл бағыттағы ең маңызды мәселенің бірі ол – өз тұқымына генетикалық әлеуетін қалдыратын  өнімділігі жоғары асыл тұқымды бұқаларды пайдалану.  




Яндекс.Метрика