Халықаралық интеграция

Балалар құқығын қорғау мәселелері бойынша Қазақстандағы жағымды тұстарды насихаттау қажет - ЮНИСЕФ

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы жаңадан тағайындалған өкілі Юрий Оксамитныймен кездесті.
Астана қаласы28 Қаңтар , 11:50

Юрий Оксамитный 2015 жылғы қаңтардан бастап БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілдігін басқарады.

Министрлік хабарлағандай, ол кездесу барысында балалар құқығы институтының дамуында белгілі бір дәрежде жетістіктерге жеткенмізді, еліміз сапалы білім алу құқығымен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Мүмкіндгі шектеулі балалардың құқығын қорғауға қатысты шаралар да қолға алынуда.

«Қазіргі кезде балалар құқығын қорғау, халықтың әлеуметтік дамуы және денсаулық сақтау мәселелері бойынша Қазақстан өміріндегі жағымды тұстарды насихаттау қажет» - деді өз сөзінде ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы басшысы.

Министр өз кезегінде халықаралық миссияның жетекшісін Білім және ғылым министрлігі БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) тізе қосып, белсенді түрде бірге жұмыс істеуді жалғастыратынына сендірді. БҒМ аталған Қормен бірқатар әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуде, бағдарламалар мен жобаларды іске асырылуда, әлеуметтік зерттеулер жүргізілуде.

Ведомствоның хабарлауынша, министрліктің ЮНИСЕФ қорымен бұдан арғы қызметтестігі тәжірибе алмасуға, соның ішінде Қазақстанда іске асырылып, сәтті шыққан жобалар және бағдарламалар жасауға бағытталмақ.     

 




Яндекс.Метрика