Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

БҚО Ақжайық ауданының тұрғындары «ЖҚЖК-2020» бойынша 133 млн теңге несие алды

Ақжайық ауданының әкімі Нәриман Төреғалиев Алғабас және Бударинск ауылдық округтері тұрғындарымен кездесті.
Батыс Қазақстан28 Қаңтар , 11:21

Ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, ауданда кәсіпкерлік қарқынды дамуда. Өткен жылы бөлінген несие көлемі 382,5 млн теңгені құраса, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге артық. Соның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 57 аудан тұрғыны 133 млн теңгенің несиесін алып, «Құлан» бағдарламасы бойынша 6 шаруа қожалығы 80,5 млн теңге, ал «Алтын сақа» бағдарламасымен 3 шаруа қожалығы 4,6 млн теңге несие рәсімдеді.

Сонымен қатар, басқарманың мәліметінше, Алғабас ауылдық округінде ауылдық ең маңызды нысандарының бірі саналатын наубайхана ашылды. «Тегісжол» ШҚ жетекшісі, кәсіпкер Салауат Танабаев ескі ғимаратты қалыпқа келтіріп, Ресейден құрылғы алып келді. Алдағы уақытта кәсіпкер қазақтың ақбас сиыры мен қой және жылқы өсіруді жоспарлап отыр. 




Яндекс.Метрика