Ол атап өткендей, ҮИИДМБ аясында 2010-2014 жылдары Ақмола облысында 119,6 млрд теңгенің 49 жобасы жүзеге асырылды, жобалар 5,2 мың тұрақты жұмыс орнын ұсынды.
«Жүзеге асырылған кәсіпорындардың 35-і дайын өнім өндірісін қамтамасыз етеді. Өткен жылы индустрияландыру картасы аясында өңдеу өнеркәсібі саласында 17,1 млрд теңгенің 10 өңдеу жобасы жүзеге асырылды, Оның ішінде құрылыс материалдары – 6 жоба, тамақ өнеркәсібі – 2, химия өнеркәсібі және жиһаз өндіру бойынша – 1 жоба бар», - деді Б.Малғаждаров.