Адамзаттық капитал

Атырау облысында жетім балалар үйінің 12 тәрбиеленушісі 2014 жылғы жазғы демалысты Италияда өткізді

Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардағы балалардың демалысын ұйымдастыру мақсатында 12 жетім бала Итлалияға жіберілді.
Атырау28 Қаңтар , 10:37

2014 жылы Жұмыскер, Көкарна елді мекендерінде, Нұрсая ықшамауданында әрқайсысы 280 орындық балабақшалар іске қосылды.

Облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлағандай,  «КТК» компаниясы 10 балабақша мен 5 мектепке жылу жүйелерін, қосымша асхана жабдықтарын, есік-терезелерін ауыстыруға көмек көрсетті.

2014 жылы 10 химия кабинетіне арнайы құрал-жабдықтар алынып, 7 мектепке жылу қазандары орнатылды. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 5 мектепке арнайы дабылқаққыш (сигнализация) орнатылды.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес мектеп оқушыларының көбін сапалы ыстық тамақпен қамту мақсатында қалалық білім бөліміне қарасты 56 жалпы білім беретін мектептің 43 асханасында, 13 мектепте тасымал арқылы ыстық тамақпен барлық оқушыларды толықтай тамақтандыру ұйымдастырылуда.

Сондай-ақ, ыстық тамақпен қамтылған бала саны 45 658, ол 2013 жылмен салыстырғанда 103%-ды құрап отыр, оның ішінде 1-4 сынып және аз қамтылған отбасы оқушылары, барлығы 3 мың 970 бала тегін тамақпен қамтылып отыр. Мүмкіндігі шектеулі үйден оқитын 136 мүгедек бала 62 компьютермен, оған қоса құрал-жабдықтармен қамтылып отыр.

Жазғы кезеңде балалардың сауықтырылуын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бағытында барлығы 32 500  (76,4 пайыз) оқушы қамтылды, 2013 жылы – 30 159 (74,8 пайыз) оқушы.

Маусым айында аз қамтылған отбасы, жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және көпбалалы отбасы балаларына арналған «Железноводск» қаласына  56 бала, Италияға 12 жетім бала,   Алматы қаласына – 45 бала, «Балдәурен» оқу-сауықтыру лагеріне – 450 бала демалысқа жіберілді.

Оқушыларды тасымалдау үшін М.Отаралиев атындағы, Т.Амандосов атындағы, №36 мектептерге 1 автобустан, №35 мектеп- гимназиясына 3 автобус сатып алынды.

Жалпы қала бойынша 1-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 53,5 пайыз немесе 16 742 бүлдіршінді қамтыды, 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту 82,1 пайызды құрайды.Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 6 балалар саз мектебі мен 2 мектептен тыс мекемелерінде 4 119 бала әртүрлі 56 үйірмелер мен музыкалық кластарда білім алады.

 

 




Яндекс.Метрика