Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Астанада мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселесі қаралды

Мемлекеттік қызмет істері мен жемқорлыққа қарсы агенттігінде Қайрат Қожамжаровтың төрағалығымен мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселесі бойынша кеңейтілген кеңес өтті.
Астана қаласы28 Қаңтар , 09:38

Кеңеске агенттіктің  құрылымдық және аймақтық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Алқа мәжілісі барысында мемлекеттік қызметті одан ары жетілдіру, сапасын қамтамасыз ету, тәртіпті бақылау бойынша арнайы қадамдар жасақталды.

«Тестілеуді, мамандарды оқытуды және олардың қызмет бабы бойынша көтерілуін  жаңғырту мәселесіне ерекше назар аударылды. Жиын соңында мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселесі бойынша арнайы Жоспар жасақталды», - деп ведомстводан хабарлады.

Сондай-ақ, жоспарда конкурстық іріктеудің ашықтығын арттыру, «Б» корпусына кадрлық резервті жасақтау (еңбек өтілі болған жағдайда және болмаған жағдайда) шараларыда көрініс тапты.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметті іздестіруді жеңілдету  үшін үміткерлерге ортақ бірыңғай бос жұмыс орын порталы құрылатын болды. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика