Өңірлер

«ҚазАгро» Шотландияның Корольдік Банкінен алған 100 млн. АҚШ доллары сомасындағы қарызды өтеді

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ 2015 жылғы 27 қаңтарда The Royal Bank of Scotland PLC (Шотландияның Корольдік Банкі) 100 млн.АҚШ доллары сомасындағы қарызын өтеуді жүзеге асырды.
Астана қаласы28 Қаңтар , 09:23

Ақша қаражаты Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін қаржыландыруды жүзеге асыру, сондай-ақ АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру мақсатымен Холдингтің ңайналым капиталын толықтыру үшін тартылды, деп хабарлады ұлттық компания.

«Тартылған қарыз қаражаты есебінен ауылшаруашылық техникасын сатып алуға арналған 115 Лизинг шарты жасалды, «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 465 қарыз алушылар қаржыландырылды, 2800 бас ірі қара мал сатып алынды,  2011,3 тонна ірі қара малдың еті, сонымен бірге кейіннен өңдеу үшін 1 266,7 тонна жүн сатып алынды», - делінген хабарламада.

Аталған транзакция «ҚазАгро» холдингінің Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында халықаралық инвесторлармен ынтымақтастығының көрнекі мысалы болып отыр. 

Айта кетейік, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады. 




Яндекс.Метрика