Мәдениетті жаңғырту

Қарағанды облысында ҰОС ардагеріне төс белгісі табысталды (Фото)

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы мерейгер, ҰОС және ТЖ органының ардагері С.К.Күсеновке омырау белгісін табыстады.
Қарағанды 28 Қаңтар, 12:09

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Төрағасы генерал-майор В.В.Петров Ұлы Отан соғысы және өртке қарсы қызмет ардагері, мерейгер С.К. Күсеновті 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» омырау белгісін табыстады.

Комитет хабарлағандай, осы  жылдың  20-шы қаңтарында С.К.Күсенов өзінің 100 жас мерейтойын атап өткен болатын. Сабырғали Күсенұлы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген, ол жерден 1939 жылы Кеңес Әскерінің қатарына шақырылды. 1941 жылдың шілде айында өзінің ең алғашқы ұрысына неміс-фашистік басқыншылармен 518 зенитті полкінің құрамында қатысты. Соғыс кезінде Сабырғали Күсенұлы Могилев қаласын қорғады, Батыс фронтта ұрысқан, Смоленск, Брянск, Калинин, Витебск облыстарындағы елді мекендерді босатуға бағытталған ұрыстарға қатысқан, Мәскеуді қорғаған. Соғысты Прибалтикадағы Курлянд түбегінде аяқтаған.

Соғыстан кейінгі Сабырғали Күсеновтың әскери өмірбаяны Батыс Қазақстан облысы Орда ауданындағы өрт сөндіру күзетінде жалғасын тапқан. 1952 жылы қызметін әрі қарай жалғастыру үшін Қарағанды қаласына жіберілді. Сабырғали Күсенұлының еңбек өмірбаянының 40 жылдан артығы өрт сөндіру күзетіндегі қызметіне арналған, аянбай еткен еңбегінің арқасында жүздеген өрттің және өзге де төтенше жағдайлардың алды алынды, көптеген адам өмірлері құтқарылып, материалды құндылықты заттар сақталып қалынды. Сабырғали Күсенұлы зейнет демалысына өрт сөндіру штаб бастығының орынбасары қызметінде шықты.

 

 





Яндекс.Метрика