Инфрақұрылымның дамуы

Атырауда 2014 жылы 9 жылыжай салынды - әкімдік

Атырау облысында 2014 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі - 8822,4 млн.теңгені құрады, оның ішінде мал шаруашылығы өнімі - 2178,7 млн.теңге (100,4%), өсімдік шаруашылығы өнімі - 6457,6 млн.теңге (100,2%), қызметтер - 186,1 млн.теңгені көрсетті, деп әкімдіктен хабарлады.
Атырау28 Қаңтар , 20:07

Аталып өткендей, ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 100,3% құраған.

Отмечается, что индекс физического объема сельскохозяйственного производства составил 100,3%. «Шаруашылықтардың барлық категориялары бойынша мал басының саны: ірі қара мал - 4 985, қой мен ешкі - 3 612, жылқы - 1 031, түйе 1 339 басты құрады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, көктемгі-күзгі балық аулау маусымының қорытындысы бойынша балық аулаушы кәсіпорындарының күшімен Каспий теңізінен 4 064 тонна, Жайық өзенінен   3158 тонна балық ауланды.

Атырау қаласында балық қорын сақтау және өсімін молайту мақсатында «Атырау» және «Жайық - Атырау» бекіре тұқымдас балық өсіру зауыттары жұмыс жасайды. Өткен жылы осы зауыттардың күшімен 7,1 млн. дана шабақ суға жіберілді.

Томарлы селосындағы «Caspian Royal Fish» ЖШС-нің жылдық қуаттылығы 100 тонна тауарлы балық, 1 тонна тауарлы уылдырық, 100 мың дана қызыл балық шабақтарын өсіру мүмкіндігі бар кешені өткен жылдың қазан айында іске қосылды.

Бұдан басқа, Атырау қаласында 13 жылыжай жұмыс істейді, олардың жалпы аумағы 5,32 га. Айта кетерлік жайт, оның ішінде 9 жылыжай 2014 жылы іске қосылды.

Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша өткен жылы жылыжай салу мақсатында 11 адам 34,5 млн. теңгеге несиелендірілген, егін шаруашылығына 6 адамға 18 млн.теңге сомасында несие берілді. Ал, «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалы бойынша 2 шаруа қожалығына техника алуға  17 868 мың теңге несие берілген.




Дерекнама

Яндекс.Метрика