Аймақтың әкімдігі хабарлағандай, оның құрамына астықты сақтайтын қоймалары бойынша – 9 жоба, құс өсіру – 3, астық өңдеу – 2, ет шаруашылығы – 1, сүт өңдеу – 1, көкөніс сақтау мекемесінің құрылысы бойынша 2 жоба енеді.
Азық-түлік өнімдерін Астанаға жеткізуде 128 тауар өндіруші жұмыс істейді. «Өткен жылы Астана нарығына: 69,3 мың тонна сүт өнімі, 19,6 мың тонна ет өнімі және 230,5 млн дана жұмыртқа жеткізілген болатын», - деп хабарлады әкімдік.