Ұлттың денсаулығы

Көкшетауда 57 млн теңгенің медициналық қондырғысы перинаталды орталыққа тапсырылды (Фото)

Көкшетау қаласының перинаталды орталығына 57 млн теңгенің қондырғысы табысталды.
Ақмола 28 Қаңтар, 08:34

«Аталмыш шара 2014 жылы өткен Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы жаппай жүгіру шарасы арқасында ұйымдастырылды. Шеруді «Асыл Мирас» қоры мен Rixos Borovoe Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырған болатын. Шараны велоспорт бойынша Олимпиада чемпионы Александр Винокуров бастаған болатын. Шараға қазақстандық және шетелдік 200-ден астам топ-менеджерлер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты. Шеру 86 млн теңге жиған болатын. Қаржы медициналық қондырғыны сатып алу үшін бағытталды», - деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.

Айта кетерлігі, аталмыш шеру екінші рет ұйымдастырылған болатын, біріншісі 2013 жылдың тамыз айында өтіп, 11,5 млн теңге жинады. Аталмыш қаржы медициналық қондырғыға жұмсалды, ол 2014 жылы 70-ке жуық баланың өмірін аман сақтап қалуға мүмкіндік берді. Әкімдіктің хабарлауынша, Ақмола облысында перинаталды орталық осыған дейін ауданнан келген науқастарды қабылдауға қауқары жетпейтін.Енді дәрігерлер аймақтың 18 ауданынан келген науқастарды еш қиындықсыз қабылдай алады.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов өз сөзінде дәрігерлердің ерен еңбегі мен аталмыш акцияға қатысушыларға алғыс білдірді. Ол қатысушыларды құттықтап, аталмыш қондырғы халықтың игілігіне, денсаулығын сақтауға үлес қосатынына сенім білдірді.





Дерекнама

Яндекс.Метрика