Өңірлер

Атырауда 40 мың ШОБ субъектісі тіркелген

Қала бойынша тіркелген барлығы 39 633 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің, бүгінгі таңда 23 329-ы белсенді жұмыс атқарып келеді.
Атырау27 Қаңтар , 19:31

Өткен жылы өңірлік үйлестіру кеңесімен жалпы сомасы 5,6 млрд.теңгені құрайтын 35 жоба мақұлданды, деп хабарлады қала әкімдігі.

Бөлшек саудадағы тауар айналымы 153,5 млрд. теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 14%-ға өсіп отыр. Көтерме саудадағы тауар айналымы  340,6 млрд.теңгені құрап, 2013 жылға қарағанда 140%-ға артты.

«Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша қала халқын арзан бағалы өнімдермен қамту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Базарлар мен супермаркеттердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жеткілікті көлемде қамтамасыз етілуі және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі өзара ынтымақтастық екіжақты меморандумы жасақталды.2014 жылы қала аумағында орналасқан 36 кәсіпкерлік иесімен, яғни базар және супермаркет басшыларымен, ірі көтерме тасымалдаушылармен меморандумдар жасақталды», - делінген хабарламада.

 




Яндекс.Метрика