ҚР ИИДМБ

СҚО-ның Индустриаландыру картасына тағы 7 инновациялық жоба қосылды

Бүгін СҚО-да Үйлестіру кеңесінің кезекті жиынында ИИДМБ аясында индустралды Картаға қосылу бойынша 7 индустриалды-инновациялық жоба мақұлданды.
Солтүстік Қазақстан27 Қаңтар , 17:38

Индустриалды-инновациялық даму мекемесінің жетекшісі  Марат Ысқақов кеңес қарауына келесі жобаларды енгізді: «Аққайың ауданындағы сабаннан целлюлоза мен қатырма қағаз өндіретін инновациялық зауыт»,  (ЖШС «Торе-Чингизид Л.Т.Д.»), «Энергетикалық құралдар дайындау» (ЖШС «СПМК-4»), «Жол саласының инновациялық материалдарын өндіретін құрылыстық кешен» (ЖШС «ИнДорТех»), «Асфальтобетон қоспасын дайындайтын мекеме (ЖШС «Фирма Универсал»), «Каркас-панельдік үйдің темірбетондық элементі жиынтығын өндіретін» (ЖШС «Единство»), «Тайынша ауданындағы сүт өнімдерін өңдейтін мекеме» (ЖШС «Арбат АС»). Осы аталғандардың барлығы Үйлестіру кеңесінің мүшелерімен бірауыздан мақұлданған.

«Аталған жобаларды қаржыландырудың жалпы көлемі 4 млн. теңгені құрайды,-деп атап өтті облыс әкімі Ерик Сұлтанов.

Аймақ басшысының айтуынша, Үйлестіру кеңесіне тағы да көптеген алпауыт жобаларды қарауға тура келеді екен. «Бұл мәселені тездетіп, қарап, осы бағытта алға қарай жылжуымыз керек»,-деп түйіндеді  өз сөзін.




Яндекс.Метрика