Энергияның балама көздерін дамыту

Қатарда ҚР-да баламалы энергетика саласында бірлескен кәсіпорындарды құру мүмкіндіктері талқыланды

Баламалы энергетика саласында бірлескен кәсіпорындарды Қазақстанда құру мүмкіндіктері Қатарда талқыланды.
Әлемде27 Қаңтар , 17:08

2015 жылы 25-26 қаңтарда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Н. Қаппаров бастаған қазақстандық делегация Доха қаласына сапармен келіп, «Qatar Solar Enerqy» (Қатар) және «Solar City» (АҚШ) компаниялары басшылығымен келіссөздер өткізді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

«Кездесу барысында жаңартылмалы энергия көздері саласындағы ынтымақтастық және күн панельдеріне арналған элементтер жасау бойынша бірлескен кәсіпорын құру мәселелерінің аспектілері талқыланды. Бұл салада Қазақстанда бар кварц және фотовольтаика инфрақұрылымы мен зауытының ресурстарын пайдалану көзделген», - делінген хабарламада.

«Qatar Solar Enerqy» иелігінде күн элементтерін өндіретін 300 мегават қуатты зауыт бар. Бірлескен кәсіпорынның құрылуы «Solar City» офтейк келісімшартты орындау үшін ресурстар біріктірілуін көздейді .

Осы орайда, үш компанияның басшылары мен Қатардағы ҚР Елшісі А. Шоқыбаев Қатар Мемлекетінің Премьер-Министрі, Ішкі істер министрі Шейх Абдалла бен Насер бен Халифа Әл-Танимен кездесіп, аталған жобаның болашағын және қазақстан-қатар қатынастарының өзге де өзекті мәселелерін талқылады.




Яндекс.Метрика