Өңірлер

Атырау гарнизонының арнайы бөлімшелері күндізгі және түнгі іс-қимылдарды пысықтады

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Атырау гарнизонының «Қарабатан» полигонында 41433 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің далалық шығуы ұйымдастырылды.
Атырау 27 Қаңтар, 18:24

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы 41433 әскери бөлімі арнайы бөлімшесінің жеке құрамы «Қарабатан» полигонында өткен жаттығуда жоғары нәтижелер көрсетті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

 «Таулық» арнайы бөлімшесінің екі әскери қызметшісі ерекше көзге түскенін айта кеткен жөн.

Бөлімшелер арасындағы жарыста әскери қызметшілердің шапшаңдықтарына, жинақылықтарына, зейінділіктеріне, ұйымдастырушылық қабіттеріне және кәсіби білімі мен біліктіліктеріне айрықша көңіл бөлінді. Арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшілері өздерінің шеберліктерін тек қана күндіз ғана емес, түнгі мезгілде де көрсете алды.

«Бұл сайыста «Амфибиялық» арнайы бөлімшесінің әскери қызметшілері үздік деп танылды. Далалық жорықтың мақсаты – әскери қызметшілердің ашық жерде шеберліктерін шыңдау, шынайы жағдайға барынша ұқсасжағдайда біліктіліктерін жетілдіру», - делінген хабарламада.

Басты назар жеке құрамның өзара үйлесімді іс-қимылына және қару-жарақ пен әскери техниканы дұрыс қолдануына аударылды.
 





Яндекс.Метрика