Өңірлер

ҚР-да 2014 жылдың желтоқсанында орташа айлық атаулы жалақы 154 577 теңгені құрады - ҰЭМ

2014 жылғы желтоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 154577 теңгені құрады, деп хабарлады ҰЭМ-ның Статистика комитеті.
Казахстан27 Қаңтар , 17:54

«2014 жылғы желтоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 154577 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2013 жылғы желтоқсанға 112,8%, ал нақты жалақы индексі 105,0% құрады», - делінген хабарламада.

Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда – 341,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,2 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде – 329,1 мың теңге (2,1 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 308,3 мың теңге (2 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді – 75,8 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 51,0%-ға төмен.

Сондай-ақ, комитеттің хабарлауынша, өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Манғыстау облысында белгіленді – 317,9 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 2 есеге асады. Солтүстік облысында мұның шамасы 90,9 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 41,2%-ға төмен.

 




Яндекс.Метрика